Жалпыхалықтық диктант



Жалпыхалықтық диктант

14 қарашада сағат 11.00 -де Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері, оқытушылары және қызметкерлері барлық қазақстандықтармен бірге «Жалпыхалықтық диктант» жазуға қатысты.

Республикалық акция жаңа қазақ алфавитін көпшілікке таратуға және латын қарпінде жазу қабілетін меңгеруге бағытталған. Диктантқа дейін бір апта бұрын латын қарпіне негізделген «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері» бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Диктант колледж аудиторияларында emle.kz, tilalemi.kz сайттарына және «Қазақ радиосы», «Шалқар» республикалық радиостанцияларына тікелей қосылу арқылы жүргізілді.

Студенттер, оқытушылар және қызметкерлер диктант жазуға үлкен ынтамен қатысты. Әрбір қатысушы өзінің жұмысын тексеріп, қателерін көріп, латын қарпіне байланысты білімін арттыру жөнінде жұмыс бастау керектігін түсінді.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ