Қостанай қ. тұрғындары үшін акция



Қостанай қ. тұрғындары үшін акция

Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖҚТБ-мен күресу Күні аталып өтеді.

15 қарашадан 15 желтоқсанға дейін біздің өңірде және республика бойынша АИТВ/ЖҚТБ індетінің таралуын тоқтату қажеттілігін ескертетін айлық өткізілуде.

15 қарашада Қостанай қ. «Март» сауда орталғында Дүниежүізілік ЖҚТБ-мен күресу Күніне арналған Қостанай облыстық ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының мамандары Қостанай жоғары медициналық колледжінің 3 курс студенттерінің қатысуымен, «№3 Емхана» КМК және «№1 Емхана» бірлесіп тұрғындар үшін акция өткізді.

Аталған акцияның мақсаты тұрғындардың назарын АИТВ-инфекцияна аудару, өзінің денсаулығына жауапкершілікті қалыптастыру, сауда орталығының келушілерін, қызметкерлерін АИТВ/ЖҚТБ берілу жолдары мен алдын алу туралы таныстыру болды.

Акция аясында медколледж студенттері «Қолдың сынығы кезінде алғашқы көмек» және жүрек тоқтап қалған кездегі «Жүрек-өкпелік реанимация» дәрігерге дейінгі көмек көрсету жөніндегі мастер-класс көрсетті, сонымен қатар қала тұрғындарында медициналық қызметкерлерден кеңес алу, артериалдық қысымы мен дене салмағын өлшеу мүмкіндіктері болды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ