«Мемлекет пен азаматтық қоғамның тұрақтылығы факторы ретінде әлеуметтік үрдістерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлгілеу» ғылыми-практикалық конференциясы



«Мемлекет пен азаматтық қоғамның тұрақтылығы факторы
ретінде әлеуметтік үрдістерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлгілеу»
ғылыми-практикалық конференциясы

16 қарашада колледжіміздің студенттері Позднякова Анастасия және Ибраимов Данияр «Мемлекет азаматтық қоғамның тұрақтылығы факторы ретінде әлеуметтік үрдістерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлгілеу» ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Конференцияның ұйымдастырушылары «Грин» жастар альянсы және жастар саясатының сұрақтары жөніндегі Қостанай облысының Басқармасы болды. Біздің студенттер ұсынған зерттеу жұмысын әділ қазылар жоғары бағалап, «Лучшие спикеры» мақтау қағазымен марапаттады. Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Әділ қазылар қорытынды сөз сөйлегенде біздің студенттердің дайындықтарының жоғары сапасын және өздерінің жобаларындағы зерттеу әдістерін атап өтті.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ