Дәстүрлі «Отаным тағдырым» толеранттылық фестивалі



Дәстүрлі «Отаным тағдырым» толеранттылық фестивалі

2018 жылдың 16 қарашасында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қостанай облысының техникалық және кәсіби оқыту ұйымдарының студенттер жастары арасында дәстүрлі «Отаным тағдырым» толеранттылық фетивалі өтті. Іс-шараның мақсаты жастарда позитивті құндылықтарды қалыптастыруға, әртүрлі ұлттар мен дәстүрлердің мәдениеттерін сыйлауға бағытталды. Қостанай жоғары медициналық колледжінің базасында ұлы композитор Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына арналған «Ұлы дала мұрасы» домбырашылар фестивалі өтті. «Ұлы дала мұрасы» музыкалық фестивалінде ұлы автордың шығармалары орындалды: танымал күйлері «Сарыарқа», «Кедей зары», «Балбырауын» және т.б.. Ерекше өнер көрсеткендер: Геращенко Максима (Қостанай жоғары политехникалық колледж), Абдрахманова Маржан (Ы.Алтынсарин атын. Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі), Рудный музыкалық және Рудный политехникалық колледждерінің домбырашылар ансамблі. Фестивальдің соңында барлық қатысушыларға сертификаттар ұсынылды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ