"Что? Где? Когда?" викторинасы



"Что? Где? Когда?" викторинасы

5 желтоқсанда колледждің акт залында №7 ЦӘК онкүндігінің аясында «Құқық және экономика негіздері» пәнінің оқытушысы А.М.Алимгазинова ҚР-ның Тәуелсіздік Күніне арналған "Что? Где? Когда?" зияткерлік ойынын өткізді, ойынға 102 «Мейіргер ісі» және 103 «Емдеу ісі» командалары қатысты. Командалар викторинаның барлық кезеңдерінен тиісті деңгейде өтті, бірақ 102 «Мейіргер ісі» тобының студенттері басым түсті. Әділ қазылар Кульмухамбетова Г. Б. және Дандыбаев А. С. жеңімпаздарды құрмет грамотасымен және төс белгілерімен марапаттады. Дәстүр бойынша ойынның символы «Үкі» жеңіпаздарға тапсырылды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ