Веселые старты 2018



Веселые старты 2018

2018 жылдың 29 қарашасында Қостанай жоғары медициналық колледжінің спорт залында дәстүрлі ҚР-ның Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өтетін оқытушылар құрамасы және 1,2 курс студенттері арасындағы спорттық жарысы өтті.

Жарыс сапқа тұрудан басталды (15:00 де), кейін құттықтау сөзімен әдістемелік бөлім меңгерушісі Гаджиева Камиля Сабировна сөз сөйледі. Камиля Сабировна барлығын ҚР-ның Тұңғыш Президенті күнімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Весёлые старты» бағдарламасы эстафета түрінде өткізілді.

Жарыс 9 кезеңнен тұрды:
1. Доппен тосқауылға дейін және кейін жүгіру.
2. Допты жоғарыдан және төменнен беру
3. Баскетбол добын отырып жоғарыдан беру.
4. Секіртпемен тосқауылға дейін және кері жүгіру.
5. Теннис ракеткасы және шарикпен тосқауылға дейін және кері жүгіру.
6. Шеңбермен тосқауылға дейін және кері жүгіру.
7. Допты аяқпен кедергіге дейін және кері алып жүру.
8. Баскетбол добын тосқауылға дейін және кері алып жүру. 9. Арқан тартысу.

I және II курс құрама командасында болды:
1. Беккулинов Алишер 101 ЕМ
2. Беисов Бахтияр 102 МІ
3. Боронина Анастасия 102 ЕМ
4. Корякина Василина 103 ЕМ
5. Крутко Дарья 103 ЕМ
6. Решетняк Антон 202 ЕМ
7. Сарсенбаев Диас 103 МІ
8. Хан Юлия 103 ЕМ
9. Цой Наталья 201 Фарм
10. Шавриков Артем 303 МІ

Оқытушылардың құрама командасында болды:
1. Шаповалов Богдан Вячеславович
2. Бермухамедова Кымбат Утигеновна
3. Кубетаев Асан Сапарбайулы
4. Кужахметова Анар Жетписовна
5. Ларькова Анна Орестовна
6. Манукян Альфия Раисовна
7. Надворная Юлия Юрьевна
8. Оразгожина Айгерим Нуроллаевна
9. Оспан Сәндібай Рустемұлы
10. Елеусізов Дулат 202 СД

Қызықты, тартысты жарыстың нәтижесінде жалпы есеп 14:14 болды, соңғы нәтиже арқан тартысуда белгілі болды, бұл жарыста студенттер құрама командасы күштірек болды.

Жарыс жоғары деңгейде өтті, жарыстың төрешілері ҚЖМК дене шынықтыру оқытушылары – Журперов А.С. және Шелег В.С. болды.

Жарысты бағалауға көмектескен әділ қазыларға алғыс білдіреміз: Кульмухамбетова Гульнар Борлыковнаға, Баранова Анастасия Валерьевнаға және Каратаева Ханымгуль Сартайкызына. Жарыстың қатысушылары тәтті сылықтармен марапатталды.

Так держать!!!!!!

Медколледж ЧЕМПИОН!!!!! И мы – лучшие!!!!!








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ