ҚОӘДСБ «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК - 2018 ЖЫЛ КӨШБАСШЫСЫ



ҚОӘДСБ «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК - 2018 ЖЫЛ КӨШБАСШЫСЫ

Қаржылық-экономикалық көрсеткіштері бойынша Қазақстан Республикасының кәсіпорындарын саралау нәтижесінде ҚОӘДСБ «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК 2018 ЖЫЛ КӨШБАСШЫСЫ атанды.

«ЛИДЕР ГОДА 2018» қабырға медалі жалпы мемлекеттік рейтингте құрметті орынға ие болған компанияларға беріледі. Медаль кәсіпорынның тиімді қызметінің, экономика саласына қосқан үлесінің дәлелі болып саналады.

Ұлттық сертификат, қаржылық-экономикалық көрсеткіштерінің талдауы негізінде сала рейтингісінде жоғары сапаны дәлелдейтін компанияларға ұсынылады.

Біздің колледж «Мемлекеттік бюджетке қосқан үлесі» көрсеткіші бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кәсіпорындар арасында Күміс рейтингісімен марапатталды (Арнайы орта білім).

Сонымен қатар кәсіпқойлылық және ұжымды басқарудағы жігерлілігі үшін ҚОӘДСБ «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК директоры Катпенова Сауле Атантаевна - 2018 ЖЫЛ ЖЕТЕКШІСІ марапатына ие болды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ