1 курс арасындағы КВН



1 курс арасындағы КВН

2018 жылдың 20 желтоқсанында мәжіліс залында 1 курс студенттерінің арасында КВН ойыны өтті. КВН турнирін осындай форматта өткізу дәстүрге айналды, себебі 1 курс студенттері екінші жыл қатарынан көңілді және тапқырлар атағы үшін жарысуда. Айта кету қажет аталған іс-шараны студенттер өздері ұйымдастырып, өткізді.

Жобаның негізгі мақсаты жастардың бос уақытын ұйымдастыру формасы, жастарды колледждің қоғамдық өміріне жұмылдыру ретінде КВН қозғалысын дамыту және насихаттау болып табылады.

1 курс арасында үздік КВН командасы атану үшін 9 команда жарысты.

Барлық командалар үш конкурсқа қатысты:
- Таныстыру (визитка)
- «Биатлон»
- «Театр начинается…»

Өздерінің жанкүйерлерін жақсы әзілдермен және жоғары әртістік деңгейімен қуатқан барлық командаларды зал қошеметтеп қарсы алды.

Құзыретті әділ-қазыларға қиын шешім қабылдау керек болды.

Ойынның нәтижесі бойынша бір дауыстан үздік атанған 102 емдеу ісі тобының, « Funny Boys » командасы! Екінші орын «Success», 101 «Фармация» тобы !

Әділ қазылар үшінші орынды «Жгуты» командасына берді, 101 «Лабораториялық диагностика» тобы. Жеңімпаздарды құттықтау 28 желтоқсанда барлық студенттерді марапаттау барысында өтеді!

 

 



 

СКАЧАТЬ КВН среди первокурсников 2018_12_20 (211 фото)









«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ