«Мейірбике-оқытушы» клубының отырысы
Басты -> Жаңалықтар -> «Мейірбике-оқытушы» клубының отырысы
24 желтоқсанда Қостанай жоғары медициналық колледжінің базасында «Мейірбике-оқытушы» клубының отырысы болды. Отырыс барысында «Мейіргер ісі» мамандығының қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасын жүзеге асыру, медициналық ұйымдарда студенттердің клиникалық практикаларын ұйымдастыру, клиникалық практика барысында менторлықты және тьюторлықты ұйымдастыру кезіндегі проблемалар және оларды шешу сұрақтары қарастырылды.
Мейіргер ісінің қолданбалы бакалаврларын дайындаудың негізгі мақсаты: практикалық қызметтік оқытуда алған білімдерін тиімді пайдалана білетін практикалық-бағытталған мейіргер ісі мамандарын дайындау, ресурстарды тиімді пайдалану және дәлелденген мейірбике практикасы негізінде қауіпсіз пациент-орталықтандырылған күтім көрсетуді жүзеге асыру.
Романюк И.Е. клубтың қатысушыларын қала мен облыстың медициналық ұйымдары базасында клиникалық практиканы ұйымдастыру бойынша менторлар мен тьюторларға арналып әзірленген әдістемелік ұсыныстармен таныстырды.