Минута Славы және студенттерді марапаттау
Басты -> Жаңалықтар -> Минута Славы және студенттерді марапаттау
28 желтоқсанда Қостанай жоғары медициналық колледжінің мәжіліс залында бірінші курс студенттерінің арасында дәстүрлі «Минута Славы» конкурсының іріктеу кезеңі өтті. 13 қатысушы 2019 жылдың сәуірінде болатын финалға жолдама алу үшін бар күштерін салды!
Қатысушылар өнер көрсетіп болғаннан кейін оларға қонаққа Аяз ата мен Қарша қыз қонаққа келді. Олар дәстүрлі жыл сайын өтетін студенттерді марапаттау рәсімін өткізді. Ертегі кейіпкерлерінің қолдарынан студенттер киноға билет және тәтті сыйлықтар алды!