Мейірбикелерге арналған «Менторларды дайындау бағдарламасы» циклының екінші кезеңі



Мейірбикелерге арналған «Менторларды дайындау бағдарламасы» циклының екінші кезеңі

Қостанай жоғары медициналық колледжінде «Мейіргер ісі» мамандығының қолданбалы бакалавр студенттеріне менторлар ретінде жоспарлаған стационарлар мен емханалардың мейірбикелеріне арналған «Менторларды дайындау бағдарламасы» циклының екінші кезеңі аяқталды.

Медициналық ұйымдарының базаларында оқыту үрдісі мен студенттердің практикалық дағдыларды және іскерлікті жүзеге асыруды қамтамасыз ететін 92 ментор дайындалды.

Курс барысында тыңдаушылар мейіргер ісіндегі тәлімгерліктің теориялық және практикалық негіздерімен; жақсы ментордың функционалдық міндеттерімен, талаптарымен, негізгі сипаттамалары және ережелерімен; мейіргер ісіндегі халықаралық тәжірибемен; мейіргер ісіндегі заманауи әдістерімен және үлгілерімен танысты. Өзінің тәжірибесімен бөлісу әдісін, тәсілдерін, клиникалық практикадағы мақсаттарға жету үшін студенттерді мотивациялаудың негізгі амалдарын үйренді.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ