Қостанай қ. №19 орта мектебінде ҚЖМК-нің кәсіптік бағдар жұмысы



Қостанай қ. №19 орта мектебінде ҚЖМК-нің кәсіптік бағдар жұмысы

2019 жылдың 16 ақпанында №19 ОМ 10-11 сынып оқушылары үшін колледждер өкілдерімен кездесу ұйымдастырды, оған ҚЖМК же қатысты.

Кездесудің басында оқушыларға, ата-аналарға презентация және видеоролик көрсетілді, колледждің мамандықтары, оқу үрдісі, көпшілік-мәдени және спорттық шаралар жөнінде толық көрсетілді. Сонымен қатар «Қолданбалы бакалавр» және жаңа қабылдау ережелерімен таныстырылып кетті. 

Екінші кезеңде «Мейіргер ісі» мамандығының 3 курс студенттері кәсіби сынамалар өткізді.

Кездесу достық көңіл-күйде өтті, оқушылар және ата-аналар өз сұрақтарын қойып, сынамаға белсенді қатысты.

Кәсіптік бағдар жұмысының соңындаоқушыларға ақпараттық буклеттер таратылды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ