"Ішкі аурулар пропедевтикасы" пәнінен олимпиада-викторина



"Ішкі аурулар пропедевтикасы" пәнінен олимпиада-викторина

№1 ЦӘК онкүндігінің аясында 20 ақпанда оқытушылар Брынская Л.А. және Лапатиева К.Ю. «Ішкі аурулар пропедевтикасы» пәнінен олимпиада-викторина өткізді.

Конкурсқа «Емдеу ісі» бөлімінің 201 және 202 топтары және «Мейіргер ісі» мамандығының 203 тобы қатысты. Әділ қазылар ретінде Петинова Т.М., Амренова Ж.Т. және Ащеулова Т.В. шақырылды.

Бірінші кезеңде студенттер өздерінің командаларын таныстырды: үй тапсырмасында команданың атын, ұранын және эмблемасын дайындау болған. Екінші кезеңде барлық қатысушылар ІАП мен медицина тарихы пәндері бойынша сұрақтарға жауап берді. Студенттер жоғары білім деңгейлерін және командада жұмыс істей білу қабілеттерін көрсетті.

Конкурстың қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушы - Сапаргалиева Альбина (202 "Емдеу ісі") атанды. Бірінші орынды 202 "Емдеу ісі" тобы алды. Қатысушылар грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ