«Қазақстандағы мәдениаралық коммуникация» конкурсы



«Қазақстандағы мәдениаралық коммуникация» конкурсы

Үшінші жыл қатарынан Қостанай жоғары медициналық колледжінің 1 курс студенттері білім алушыларда шығармашылық қабілеттерін дамыту және ғылыми-зерттеу жұмысына қызығушылықтарын арттыру мақсатында ЧелМУ Қостанай филиалы өткізетін «Қазақстандағы мәдениаралық коммуникация» конкурсына қатысады. Конкурс «Қазақ тілі және әдебиет» және «Ағылшын тілі» бағыттары бойынша өткізілді. Конкурстың бірінші кезеңінде студенттер Войцех О., Галец С. /оқыт. Дандыбаев А.С./, Суханов Р. /оқыт. Коновалова В.В./, Булекпаева Д., Жунербаев А. /оқыт. Жумабаева К.Е./ ұсынылған тақырыптардың біреуіне эссе жазды, екінші кезеңде – лексикалық-грамматикалық және өлкетану материалдары бойынша тестілеуге қатысты. Жұмыстардың қорытындысы бойынша әділ қазылар жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады: Булекпаева Д. – «Қазақ тілі және әдебиет» бағыты бойынша 1 орын, Жунербаев А. – – «Қазақ тілі және әдебиет» бағыты бойынша 2 орын /оқыт. Жумабаева К.Е./, Войцех О. – «Ағылшын тілі» бағыты бойынша 3 орын /оқыт. Дандыбаев А.С./

Студенттерді және оқытушыларды жақсы нәтижелерімен құттықтаймыз және шығармалылық табыс пен жетістіктер тілейміз!








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ