«Соғысты жеңгендер»



«Соғысты жеңгендер»

Колледждің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихына арналған стенд дәл осылай аталады. Стендтегі материалдар Соғысты жеңуге үлес қосқан студенттер мен оқытушылар жайында баяндайды.

Стендте соғыс жылдарындағы түлектердің суреттері ілінген. Бізге жас, көрікті қыздар мен ұлдар қарап тұр. Бірақ соғыстан барлығы қайтып келген жоқ.

Суреттердің арасынан байыпты, тартымды бозбаланы көруге болады. Оның аты-жөні Макиш Зенгетаев. Ол 1942 жылғы түлек, әскери фельдшер. Құрамында Яровлавцев Валентин, Ветелкина Ксения, Карпухина Дарья, Корякина Анжелика болған іздестіру тобы («Емдеу ісі» тобының студенттері) бүгін бірінші курс студенттерін 1942 жылғы ержүрек түлектермен таныстырды.

Осы шығарылымның студенттері жақсы оқыған, арасында үздік оқығандар да болған, соның бірі Макиш Зенгетаев. Біздің түлектердің өмірлері қалай қалыптасты, майданнан оралды ма …. Бұл сұрақтың жауабын табуға біздің түлектердің туыстары өте көп көмек көрсетеді. Дәл солай, Зенгетаев Макиш туралы оның жиені ҚИНэУ ректоры Сабит Бориович Исмуратовтың арқысында біраз мәліметтерге ие болдық.

Зенгетаев Макиш 1922 жылы 14 наурызда Меңдіқара ауданында Татьяновск ауылында (Шолақсай к/з) дүниеге келген. Кустанай фельдшерлік мекбетінде 1939 жылдан 1942 жылдары аралығында оқыған. Оқу озаты. 1942 жылы мемлекеттік сынақтарды (мемлекеттік емтихандарды) тапсырғаннан кейін әскери фельдшер, санитар-тасушылар взводының командирі ретінде Қызыл Әскер қатарына шақырылып, Ұлы Отан Соғысының ең қатерлі бөлігі Ленинград майданына келіп түскен.

Макиш Зенгетаев 1943 жылы 20 ақпанда Ленинград майданында қаза болған.

Кустанай фельдшерлік-акушерлік мектебі түлектерінің халқының азаттығы үшін көрсеткен ерліктері біздің колледждің барлық кезеңнің студенттеріне мәңгі үлгі болып қалады. Аталған іс-шара Қостанай жоғары медициналық колледжінің 90 жылдығына арналған.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ