8 наурыздың құрметіне арналған мерекелік концерт



8 наурыздың құрметіне арналған мерекелік концерт

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қостанай жоғары медициналық колледжінде оқу орнының нәзік жандыларына арналған іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді!

6 наурызда 1 курстың қыздары үшін «Красота и Грация» спорттық жарысы ұйымдастырылып, 10 қыз қатысты, жарыстың соңында қатысушылар мен олардың жанкүйерлерін Қостанай жоғары медициналық колледжінің жігіттері дайындаған мерекелік концертке және марапаттау салтанатына мәжіліс залына шақырды.

Мерекелік бағдарламаны «Стоматология» мамандығының 3 курс студенттері Вахитов Сапар және Абдурасилов Акпаржан жүргізді. Мерекелік концерт түрлі музыкалық номерлерге толы болды, тұрақты қатысушылар Петрушин Юрий, Байтурсынов Султанмен бірге алғашқы рет Бренчуков Руслан өз өнерін көрсетті. Өзінің әзілдерімен « Funny Boys» КВН командасы қуантты, ретро стиліндегі хореографиялық композиция көрермендерге ерекше ұнады, ал мерекелік концерттің шарықтау шегі арнайы қыздарға арналған жігіттердің орындауындағы үнді биі болды.

Мерекелік көңіл-күй 7 наурыз күні жалғасты, осы күні бірінші қабаттағы экранда топтардың құттықтаулары көрсетілді, ал «МедФМ» студенттік радиосындағы аудио құттықтау колледждің барлық нәзік жандылары үшін керемет тосын сый болды.

Осы күні де жігіттер колледждің барлық қызметкерлеріне мерекелік концерт дайындады. Сыпайы жүргізушілер сөз кезегін колледж директорына ұсынды, өз кезегінде Сауле Атантаевна колледж ұжымын құттықтап, барлығына денсаулық, табыс пен көктемгі көңіл-күй тіледі.

Мерекелік концертті студенттер мен колледж қызметкерлері музыкалық номерлерімен жалғастырды. Жас педагог Кубетаев А.С., залдағы көрермендерге әсем ән сыйлады!

Залда отырған көрермендердің көңілдері көтеріңкі болды.

Мерекелік концерттен барлығы жақсы әсер алды.

 

 


 

СКАЧАТЬ 2019_02_07-08 Праздничный концерт в честь 8 марта (149 фото) 










«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ