Дөңгелек үстел «Ынтымақтастық нысаны - қызметті бірлесіп жоспарлау»



Дөңгелек үстел
«Ынтымақтастық нысаны - қызметті бірлесіп жоспарлау»

2019 жылдың 11 наурызында ҚЖМК «Ынтымақтастық нысаны - қызметті бірлесіп жоспарлау» тақырыбында «СТОФАРМ» ЖШС пен Қостанай жоғары медициналық колледжі өкілдерінің арасында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде ҚЖМК директоры Катпенова С.А. қарсы алу сөзімен сөз сөйледі және «СТОФАРМ» ЖШС маркетинг жөніндегі директоры Аткин Сергей Васильевич компанияның негізгі қызметі мен болашақтағы серіктестік жоспарлары тураы айтып кетті. Сонымен қатар сапа бөлімінің басшысы Абрелева Марина Сергеевна және мемлекеттік сатып алулар саласындағы маман Юрченко Евгения Вячеславна сөз сөйледі. ҚЖМК атынан сөз сөйлегендер - директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Жарматова А.А, арнайы пәндердің оқытушысы Шестакова Е.А. және «Фармация» мамандығының Республикалық ОӘБ мүшесі Шулейко С.В. Олар фармация саласында болашақ мамандарды дайындау барысындағы оқу үрдісінің негізгі аспектілеріне тоқталып кетті.

Пікірталас барысында серіктестік саласындағы негізгі міндеттерді шешуге бағытталған сұрақтар қарастырылып, бірлескен қызметтің формалары мен әдістері анықталды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ