Облыстық диктант



Облыстық диктант

13 наурызда сағат 11.00-де Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері, оқытушылары, қызметкерлері барлық қостанайлықтармен бірге «Жалпыоблыстық диктант» жазуға қатысты.

Облыстық акция жаңа қазақ алфавитін көпшілікке таратуға және латын қаріпіне негізделген мемлекеттік тілде жазудың практикалық дағдыларын меңгеруге бағытталған. Колледжде бұрын жалпықазақстандық диктант өткізілген болатын, сол кезде латын қаріпіне негізделген «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері» бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілген болатын.

Диктант жазуға колледждің 18 оқытушылары мен қызметкерлері, 101 «Мейіргер ісі» мамандығының, 101, 103 «Емдеу ісі» мамандығының студенттері қатысты.

Колледж студенттері, оқытушылары және қызметкерлері бар ынталарымен және қызығушылықпен диктант жазуға қатысты. Қатысушылар латын қаріпіне негізделген қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерін меңгеру жөніндегі өздігінен білім алу жұмысын жалғастыру керек екендігі жөніндегі тұжырымға келді.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ