Вакансиялар жәрмеңкесі



Вакансиялар жәрмеңкесі

2019 жылдың 28 наурызында Қостанай жоғары медициналық колледжінің базасында вакансиялар жәрмеңкесі өтті. Вакансиялар жәрмекесіне Қостанай, Рудный, Лисаков, Жітіқара қалалары мен Қостанай облысының 41 медициналық және дәріханалық ұйымдарының жұмыс берушілері қатысты.

Ағымдағы жылда күтілетін түлектер саны 229 адам- олар болашақ фельдшерлер, акушерлер, мейірбикелер, медициналық лаборанттар, фармацевттер және дантистер. Мемлекеттік тапсырыс бойынша 116 адам оқытылды (соның ішінде ауылдық квота бойынша - 22 адам), келісім шарт бойынша - 113 адам. Облыс бойынша орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге қажеттілік 300-ден астам адамды құрады.

Колледж директоры Катпенова С.А. әлеуметтік серіктестерге көпжылдық ынтымақастық пен түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемі үшін алғыс білдірді.

Студенттер мен болашақ жұмыс берушілер арасында байланыс орнатылды және медициналық ұйымдар жас, бәсекеге қабілетті мамандарға ие болды.

Барлық түлектерде кәсіби қызығушылығы, тұрғылықты жері және жұмыс берушілер ұсынатын әлеуметтік пакетті ескере отырып жұмыс орнын таңдауға мүмкіндіктері болды (пәтер, көтерме ақы және т.б.)








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ