Озық педагогикалық тәжірибені тарату жол картасын жүзеге асыру аясындағы мастер-класс



Озық педагогикалық тәжірибені тарату жол картасын жүзеге асыру аясындағы
мастер-класс

2019 жылдың 2 сәуірінде озық педагогикалық тәжірибені тарату жол картасын жүзеге асыру аясында жалпы гуманитарлық пәндердің оқытушысы Алимгазинова Айгерим Мадениетовна жаңадан бастап келе жатқан оқытушыларға арналған студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде мастер-класс өткізді. 

Аталған мастер-класс студенттердің зерттеу қызметтерінің негізгі теориялық аспектілерімен таныстыру, сонымен қатар мастер-класс қатысушыларының ғылыми-зерттеу қызметінің жобаларын үлгілеу мақсатында өткізілді.

Іс-шара барысында оқытушылар «Зерттеу қызметі» түсінігімен, оны ұйымдастыру кезеңдерімен, ғылыми-зерттеу жұмысының құрылымымен және оны рәсімдеу талаптарымен танысты. Мастер-класстың практикалық бөлімінде ұсынылған «Кардиологиялық бөлімшесі мейірбикесінің жұмыс ерекшеліктері», «Орта медициналық қызметкердің жұмысындағы күйзеліс және оның алдын алу» тақырыптар бойынша екі фокус-топта жұмыс және ғылыми жобаның жоспарын, жобаның мақсатын, міндеттерін, зерттеу әдісін құрастыру және өзектілігін анықтау сияқты жұмыстар өткізілді.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ