Кәсіпқойлар баға берді



Кәсіпқойлар баға берді

2019 жылдың 27 наурызында колледждің 90 жылдығына арналған «Фельдшер» біліктілігімен «Емдеу ісі» мамандығы түлектерінің командалары арасында «Үздік фельдшерлік бригада» конкурсы өтті. Аталған конкурстың ұйымдастырушысы Қостанай облыстық жедел шұғыл медициналық көмек көрсету станциясы болды.

Әрбір команданың құрамы өз топтарының атынан қатысқан үш қатысушыдан тұрды.
301 топтың атынан қатысқандар - Блудший Роман, Ибраимов Данияр, Комиссаров Глеб.
302 топтың атынан қатысқандар - Арцыбасов Андрей, Дусбаев Дамир, Широкостюк Сергей.

Конкурсты ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды аға фельдшер Стасин Сергей Владимировичтің басшылығымен Қостанай облыстық жедел шұғыл медициналық көмек көрсету станциясының фельдшерлері жүргізді.

Болашақ әріптестерінің кәсіби құзыреттіліктерін қазіргі таңда жедел көмек көрсету станциясында фельдшерлік қызмет атқарып жүрген Қостанай жоғары медициналық колледжінің түлектері бағалады - - Жармуханбетов Рустам Муратбекович, Стасин Сергей Владимирович, Энгельгардт Антон Юрьевич. Конкурстың әділ қазылар төрайымы, ЖШМККС-ның бас дәрігері Штейгервальд Ирина Анатольевна болды. Конкурсты Шарифов Азамат және Жантасова Айнур жүргізді.

Конкурс басталмас бұрын қазіргі уақытта жедел көмек көрсету станциясында жұмыс істеп жүрген колледждің 2018 жылғы түлектерінен тұратын фельдшерлер командасы, жұмыс істеген 8 ай көлемінде меңгерген кәсіби дағдыларын көрсетті. Жумаев Александр, Боранкул Марал және Ситниковова Ольга «Базалық жүрек-өкпелік реанимация» мастер-классын өткізді. Жас мамандар командадағы сауатты ұйымдасқан жұмысты көрсете білді.

Конкурс 2 кезеңнен тұрды – теориялық және практикалық.

Бірінші конкурстық тапсырма таныстыру. Қатысушылар өздерін және өздерінің болашақ фельдшер мамандығы жайында таныстырып кетті.

Теориялық кезең «Включи логику» тақырыбында викторина түрінде өтті. Сұрақтар физиология, терапия, хирургия, инфекция, балалар аурулары саласынан шапшаңдыққа, сын тұрғысынан ойлауға арналған.

Практикалық кезең де ерекше өтті. Қатысушыларға шұғыл жағдай кезінде стандартталған пациентке көмек көрсету ұсынылды. Соның ішінде жол-көлік апаты кезіндегі жүкті әйелдің жарақаты, менингитпен сырқат баладағы гипертермиялық және қалшылдау синдромы, жіті коронарлық синдромына күдікті пациент сияқты жарақаттар болды. Әділ-қазылар шұғыл көмек көрсетудегі білімдері мен іскерліктерін, пациентпен және оның туыстарымен жұмыс барысындағы коммуникативтік дағдыларын бағалады.

Барлық конкурстық тапсырмалардың нәтижесі бойынша 302 «Емдеу ісі» тобының фельдшерлік бригадасы жеңіске жетті.  

Сонымен қатар үздіктер де анықталды. Штейгервальд И.А. үздік фельдшер деп Широкостюк Сергейді атап, оны практикадан өтуге жедел көмек көрсету станциясына шақырды.

Жеңімпаздар дипломдармен, қатысушылар грамотамен марапатталды. Конкурсқа қатысқан барлық қатысушыларға тонометрлер сыйға берілді. Жедел көмек көрсету станциясының фельдшері Бикатай Ернур ұсынған шығармашылық номерлер конкурстың сәнін келтірді.

Колледж директоры Катпенова Сауле Атантаевна алғыс сөзін айтып, ұзақ жылдар бойы тиімді ынтымақтастық пен болашақ фельдшерлерді сапалы практикалық дайындығы үшін И.А. Штейгервальдге алғыс хатын ұсынды.

Бөлім меңгерушісі Бузина Светлана Петровна конкурс ұйымдастырушыларына алғыс айтып, студенттік кәсіподақ ұйымының атынан тәтті сыйлықтар ұсынды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ