«Біз дұрыс тамақтануды қолдаймыз» ұранымен спорттық іс-шара
Басты -> Жаңалықтар -> «Біз дұрыс тамақтануды қолдаймыз» ұранымен спорттық іс-шара
2019 жылдың 8 сәуірінде «Дұрыс тамақтану» онкүндігінің аясында колледжде «Біз дұрыс тамақтануды қолдаймыз» атта ұранымен спорттық іс-шара өткізілді.
Іс-шараға 103 «Емдеу ісі» және 103 «Мейіргер ісі» топтарының студенттері қатысты. Іс-шара басталмас бұрын 103 «Емдеу ісі» тобының студенті Крутко Дарья студенттердің алдында сөз сөйлеп, ол «Дұрыс тамақтану» принципі жайында және «дұрыс тамақтанудың» негізгі бес ережесін айтып кетті.
Спорттық іс-шара А.Байтұрсыноа атын. ҚМУ алаңында өтті. Студенттер келесі кезеңдер бойынша жарысты: эстафета таяқшасымен жүгіру; баскетбол добын жоғарыдан беру; теннис ракеткасымен жүгіру; «Переправа» және т.б.
Қызықты, тартысты жарыстың нәтижесінде 103 «Мейіргер ісі» тобының студенттері жеңіске жетті.
Іс-шараның соңында дене шынықтыру оқытушылары студенттерге дұрыс тамақтанудың ережелерін ұстануға кеңес беріп, дендеріне саулық тіледі.