«Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреті бойынша «Жас кәсіпқойлар» WorldSkills Kazakhstan - 2019 өңірлік чемпионаты



«Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреті бойынша
«Жас кәсіпқойлар» WorldSkills Kazakhstan -2019
өңірлік чемпионаты

2019 жылдың 08 сәуірінен 12 сәуіріне дейін Қостанай облысында 27 құзырет бойынша, соның ішінде «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреті бойынша «Жас кәсіпқойлар» WorldSkills Kazakhstan - 2019 өңірлік чемпионаты өтті. «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыретін өткізу алаңы Қостанай жоғары медициналық колледжі базасында ұйымдастырылды. Аталған құзырет бойынша ҚЖМК, АрМК студенттері және Қостанай облыстық ауруханасының жас мамандары қатысты.

Чемпионаттың бағдарламасы 4 модульден тұрды және оның ішінде «Стационар палатасы (хоспис)», «Стационар палатасы», «Үй жағдайларында емделушіні үйрету» және т.б. бөлімдер болды. Чемпионат қатысушылары өздерінің кәсіби және коммуникативтік дағдыларын, сонымен қатар эргономикалық құралдарды пайдалануды емделушілерге үйрету дағдысын көрсетті.

Әрбір күн қызықты және мазмұнды болды.

Қатысушылардың кәсіби құзыреттіліктерін чемпионатты өткізу бойынша жұмыс тәжірибелері бар сарапшылар және аталған құзыреттің кәсіпқойлары бағалады. Сонымен қатар бағалау әділ болуы үшін әлеуметтік серіктестік-медициналық ұйымдардың өкілдері шақырылды.

Чемпионаттың бірінші күнінде Қостанай жоғары медициналық колледжінің 2 курс студенті Байжарасова Сания алғашқылардың қатарынан көрінді. Ол өзін ауыр халдегі науқасқа күтім көрсетудің нағыз маманы ретінде көрсетіп, мақсатына жету барысында өзінің білімі мен коммуникативтік дағдыларын пайдалана білді.

«Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреті бойынша WorldSkills Kazakhstan - 2019 өңірлік чемпионатының қорытындысы бойынша

I орын - Байжасарова Сания, Қостанай жоғары медициналық колледжінің «Мейіргер ісі» мамандығының 2 курс студенті.

II орын – Байтурсынов Султангазы, Қостанай жоғары медициналық колледжінің «Мейіргер ісі» мамандығының 2 курс студенті.

III орын - Мирашева Гулбану, Арқалық медициналық колледжінің «Емдеу ісі» мамандығының 2 курс студенті.

СКАЧАТЬ 2019_04_08-2019_04_11 WorldSkills 2019 (220 фото) 










«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ