«МЗТ-мен микробиология» пәні бойынша кәсіби конкурс



«МЗТ-мен микробиология» пәні бойынша кәсіби конкурс

12.04.2019 ж. №6 ЦӘК онкүндігінің аясында ҚЖМК-нің 90-жылдығына арналған «МЗТ-мен микробиология» пәнінен кәсіби конкурс өтті. Конкурсты арнайы пәндердің оқытушылары Г.У.Сабирова және А.Б.Рышманов ұйымдастырып, өткізді.

Конкурс 3 кезеңнен тұрды, «Лабораториялық диагностика» мамандығының 201 тобының студенттері «Глюконат натрия» және «Инфузории в туфельках» атты екі командаға бөлініп қатысты.

Бірінші кезеңде өз командаларын таныстырды: команданың аты мен ұранын дайындау үй тапсырмасы болды. Екінші кезеңде «МЗТ-мен микробиология» пәнінен сұрақтарға жауап берді. Үшінші кезеңде команда капитандары практикалық тапсырмалар орындады. Студенттер жоғары білім деңгейін және командада жұмыс істей білу қабілетін көрсетті.

Конкурстың нәтижесі бойынша «Инфузории в туфельках» жеңіске жетті, көрермендер көзайымы сыйлығына Лялина Надежда ие болды. Қатысушылар грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ