Қала мектептерінің түлектеріне арналған кәсіптік бағдар



Қала мектептерінің түлектеріне арналған кәсіптік бағдар

2019 жылдың 08 сәуірінен 12 сәуіріне дейін Қостанай облысында 27 құзырет бойынша, соның ішінде «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреті бойынша «Жас кәсіпқойлар» WorldSkills Kazakhstan - 2019 өңірлік чемпионаты өтті. «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыретін өткізу алаңы Қостанай жоғары медициналық колледжі базасында ұйымдастырылды. Чемпионатты өткізу күндерінде колледжде мектеп түлектеріне арналған кәсіптік бағдар алаңы жұмыс жасады, №15ОМ, №11ОМ, №3ОМ, №1ОМ, №30ОМ мектептерінің оқушылары өздеріне қажетті ақпараттарды алды. Оқушыларға колледж бойынша экскурсия ұйымдастырылып, колледж бен WorldSkills тарихы, медициналық мамандықтар туралы видеоролик көрсетілді. Кездесудің соңында керекті ақпарат көрсетілген буклеттер таратылды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ