Қостанай облысының медициналық ұйымдарының бас және аға мейірбикелер форумы



Қостанай облысының медициналық ұйымдарының бас және аға мейірбикелер форумы

2019 жылдың 26 сәуірінде «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК Қостанай облысының медициналық ұйымдарымен бірлесіп Қостанай жоғары медициналық колледжінің 90-жылдығына арналған «Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін және сапасын арттыру жөніндегі шаралар. Паллиативті көмектің өзекті сұрақтары» тақырыбында бас және аға мейірбикелерге арналған Форум өткізді.

Форум «Қостанай облыстық аурухана» КМК базасында өтті, онда барлық облыс бойынша бас және аға мейірбикелер жиналды.

Іс-шара «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ мейірбике ісі жөніндегі штаттан тыс маманы, ҚОӘДСБ «Қостанай облыстық аурухана» КМК-ның бас мейірбикесі Екатерина Викторовна Говорушкинаның және ҚОӘДСБ «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК-ның практикалық оқыту меңгерушісі Инна Евгеньевна Романюктің амандасу сөздерінен басталды.

Жетписбаева Н.Б., «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК-ның кәсіби оқыту жөніндегі меңгерушісі «Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін және сапасын арттыру жөніндегі шаралар» тақырыбында баяндамасымен сөз сөйледі. ҚЖМК-нің арнайы пәндердің оқытушысы Н.В.Бозян ҚР-дағы паллиативті көмектің заманға сай жағдайы мен паллиативті көмек көрсету ісіндегі жоғары мейірбикелік және орта медициналық білімімен мамандардың рөлі туралы айтып кетті.

Қостанай облыстық ауруханасының аға мейірбикесі Верлова Н.А. мейірбикелік күтім көрсету бөлімінің жұмыс жасауы жөнінде хабарлады. Жагипарова Ж.Ж. – Әулиекөл орталық аудандық ауруханасының аға мейірбикесі палииативті көмек пен мейірбикелік күтімді ұйымдастыру туралы өз баяндамасында тоқталып кетті.

«Қостанай қ. №4 Емханасы» КМК бас мейірбикесі И.В.Нососелова «Амбулаториялық-емханалық деңгейде науқастарға паллиативті көмек көрсетуді ұйымдастыру» тақырыбында баяндама ұсынды.

Туберкулезбен науқас және онкологиялық сырқат жандарға паллиативті көмек көрсету туралы өз баяндамаларында бас мейірбикелер Д.Т.Тулеубаева (Қостанай облыстық туберкулезге қарсы диспансері) және Б.С.Досова (Қостанай облыстық онкологиялық диспансер) айтып кетті.

Практикалық оқыту меңгерушісі Романюк И.Е. Қостанай медициналық колледжі базасындағы «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жайында ақпаратты ұсынды. 

Форум қатысушыларында баяндамашыларға сұрақ қою мүмкіндіктері болды.

Форумның практикалық бөлімі ҚЖМК-нің «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі С.П.Бузинаның эргономиканың қазіргі заманғы құралдары туралы сөзінен басталды, кейін арнайы пәндердің оқытушылары Н.В.Бозян және А.О.Ларькова әзірлеген мастер-класты «Мейіргер ісі» мамандығының 2 курс студенттері көрсетті.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ