«Бронх демікпе мектебі» тақырыбындағы дөңгелек үстел



«Бронх демікпе мектебі» тақырыбындағы дөңгелек үстел

10.05.2019 ж. Дүниежүзілік бронх демікпесімен күресу күніне арналған «Живи без астмы!» Ұлттық бағдарламасының аясында оқытушы Оразгожина А.Н. 201 «Мейіргер ісі» тобының студенттері арасында «Бронх демікпесі мектебі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Оқытушы студенттерге бронх демікпесі мектебінің жұмысын ұйымдастыру жөнінде айтып, медициналық ұйымдарда жүргізілетін сабақтардың білім беру бағдарламасын түсіндірді.

Студенттер буклеттер әзірлеп, бронх демікпесі түсінігіне, қауіп факторлары мен алдын алу шараларына анықтама берді. «Пациенттер» және «Мейірбикелер» топтарына бөлініп, коммуникативтік дағдыларын көрсете отырып, бронх демікпесі мектебінің сабағына мысал келтірді. Мейірбике пациенттерге бронх ағашы құрылысының ерекшелігі, тұрмыстық аллергияның алдын алу жөнінде, және ең бастысы - өзінің сырқатын басқаруға үйренуге, асқынулардың болмауына тоқталып кетті. Іс-шараның соңында студенттер бір-бірінің коммуникациясын бағалады.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ