«Лента времени»



«Лента времени»

24 мамырда «Фармация» мамандығының бірінші және екінші курс студенттері мен шақырылған қонақтардың қатысуымен колледждің 90-жылдық мерейтойына арналған «Лента времени» іс-шарасы өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты - студенттерді осы жылы 65-жылдық мерейтойын тойлайтын «Фармация» мамандығының тарихымен таныстыру болды.

Студенттердің алдында осы мамандықтың пайда болуына өз үлесін қосқан, өзінің білімін студенттермен бөлісе отырып, көп жылдар бойы колледжде қызмет еткен, арнайы пәндердің оқытушысы Закора Л.П. сөз сөйледі. Осыдан тура 50 жыл бұрын біздің оқу орнын бітірген, «Фармация НЕО» ЖШС атқарушы директоры Чиченкова Н.В. студенттерге сол кездегі дипломын көрсетіп, студенттерге оқу мен жұмыс жылдары туралы баяндап берді. Сонымен қатар студенттердің алдында медициналық колледждің (ол кезде әлі училище) түлектері Качина Г.В., «Фармаком ИМПЭКС» ЖШС дәріхана желісінің директоры және Фрезе Р.Ч., №44 «Витайм» ЖШС дәріханасының директоры сөз сөйледі. Олар студенттерге таңдаған мамандықтарының маңыздылығы жайында әңгімелеп, тілектерін білдірді.

«Фармация» мамандығының 101 топ студенттері өз кезектерінде шақырылған қонақтарға алғыс ретінде концерттік бағдарлама әзірледі.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ