«Как правильно сделать укол, если вы и шприц в руках не держали» мастер-класы



«Как правильно сделать укол, если вы и шприц в руках не держали» мастер-класы

2019 жылдың 22 мамырында №3 ПӘК онкүндігінің аясында арнайы пәндердің оқытушылары Бозян Н.В. және Ларькова А.О. «Как правильно сделать укол, если вы и шприц в руках не держали» мастер-класын өткізді.

Мастер-кластың қатысушылары дәрілік заттарды (ДЗ) парентеральді енгізу саласында теориялық және практикалық білімдері жоқ колледждің қызметкерлері болды.

Мастер-класс барысында колледж қызметкерлері ДЗ парентеральді енгізудің теориялық негіздерімен танысып, келесі сұрақтар қарастырылды: шприцтің құрылысы, инъекция дегеніміз не, ДЗ парентеральді енгізудің артықшылықтары мен кемшіліктері, бұлшықетке және тері астына инъекция жасау орындары. 

Әрі қарай арнайы пәндердің оқытушылары Бозян Н.В. және Ларькова А.О. практикалық бөлімге көшіп, бұлшықетке және тері астына инъекция жасау техникасын көрсетті. 

Осыдан кейін мастер-кластың барлық қатысушылары алған білімдерін муляждар мен фантомдарда іске асырып көрді.  

Мастер-кластың соңында барлық қатысушыларға сертификаттар ұсынылды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ