Семинар: «Қазақстандағы мейіргер ісін жаңарту - мейіргер ісі бағдарламасын стратегиялық дамыту»
Басты -> Жаңалықтар -> Семинар: «Қазақстандағы мейіргер ісін жаңарту - мейіргер ісі бағдарламасын стратегиялық дамыту»
- мейіргер ісі бағдарламасын стратегиялық дамыту»
2019 жылдың 21-22 мамырында Бузина С.П., «Емдеу ісі» бөлімінің меңгерушісі, және Романюк И.Е., практикалық оқыту меңгерушісі «Қазақстандағы мейіргер ісін жаңарту - мейіргер ісі бағдарламасын стратегиялық дамыту» семинарының қатысушылары болды.
Мақсатты топ: «Мейіргерлерді дайындаудағы медициналық білім беру ұйымдарының озық тәжірибесі» конкурсының нәтижесі бойынша жартылай финалға өткен, сонымен қатар оқу орны мен мейіргер ісі бағдарламасының дамуына жауап беретін медициналық университеттердің, жоғары медициналық колледждің оқытушылары.
Семинардың мақсаты - қатысушылармен және мүдделі жақтармен бірлескен жұмыстың жолдарын іздеу және озық тәжірибемен алмасу жолы арқылы мейіргерлік білім берудің әртүрлі кезеңдерінде мейіргер ісі реформасына әсер ету; сонымен қатар семинардың мақсаты оқу орындардың әртүрлі кезеңдерінде басталған реформалардың процесін қолдау және растауға негізделеді.
Сарапшы/лар:
1. Топтың жетекшісі, Йоханна Хейккиля ханым, аға кеңесші, PhD, RN, JAMK қолданбалы ғылымдар Университеті.
2. Мейіргерлерді оқыту жүйесін жаңарту жөніндегі сарапшы, ХаннелеТииттанен ханым, LicNSc, MSc (Образование), RN, аға кеңесші, Лахти қолданбалы ғылымдар Университеті
Іс-шара Йоханна Хейккиля ханымның «Стратегическое развитие программ сестринского дела» дәрісінен басталды.
Семинардың аясында «Мейіргерлерді дайындаудағы медициналық білім беру ұйымдарының озық тәжірибелері» конкурсы өтті.
Конкурс сырттай өткізілді, медициналық университеттерге, медициналық колледждерге, жоғары медициналық колледждерге 6 сала бойынша тәжірибелерімен бөлісу ұсынылған болатын. 5 сала бойынша «Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК жартылай финалға өтті.
Жартылай финалға 13 медициналық колледж бен жоғары медициналық колледж, сонымен қатар 2 ҚР-ның медициналық университеттері қатысты. Қатысушыларға озық тәжірибелерін презентация немесе постер түрінде ұсыну қажет болды.
«Қостанай жоғары медициналық колледжі» КМК өкілдері баяндамаларын келесі салалар бойынша ұсынды: «Лидерство в сестринском образовании», «Наращивание потенциала преподавательского состава», «Сотрудничество с клиническими базами», «Консультирование и участие студентов», «Исследования в сестринском деле и интернационализация».
Семинардың барлық қатысушыларына JAMK қолданбалы ғылымдар университетінің сертификаттары ұсынылды.