«Лента времени»
Басты -> Жаңалықтар -> «Лента времени»
07.06.2019 ж. Қостанай жоғары медициналық колледжінде колледждің 90 жылдығына арналған «Лента времени» іс-шарасы өтті.
Іс-шараның мақсаты студенттерді «Лабораториялық диагностика» мамандығының тарихымен таныстыру болды.
Іс-шараға шақырылғандар: Алимбаев С.А., «Қостанай қалалық аурухана» КМК клиникалық-диагностикалық зертхананың меңгерушісі; Тетянюк А.М., «Қостанай қалалық аурухана» КМК клиникалық-диагностикалық зертханасының дәрігер-лаборанты; Кичкайло С.Н., «Қостанай қалалық аурухана» КМК-ның дәрігер- лаборанты; Большакова Н.В., «Андрофарм» урологиялық емхананың зертхана меңгерушісі.
Студенттер концерттік бағдарлама ұсынды. Шақырылған қонақтар студенттерге өздерінің студенттік өмірі жайында, мансаптық жетістіктері туралы әңгімелеп берді. Іс-шараның соңында қонақтарға студенттік кәсіподақ атынан естелік блокноттар сыйға тартылды.