"Болашаққа сеніммен!" акциясы
Басты -> Жаңалықтар -> "Болашаққа сеніммен!" акциясы
24 және 26 маусым аралығында Қостанай қ. ҚМУ және ҚМПУ базаларында облысымыздың мектеп түлектері ҰБТ тапсыруды бастады. Осы күндері ҚМУ және ҚМПУ ғимаратының жанында ата-аналармен қатар автобустар кезекшілік жасап, білім беру ұйымдарының өкілдері болды. Солардың ішінде ҚЖМК өкілдері де қатысты. ҰБТ орталықтарына бару мақсаты – мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына кәсіби білім беру ұйымын таңдауға көмектесу болды.
Колледж өкілдері ата-аналарға, достарына және түлектердің өздеріне буклеттер-визиткалар таратты.
Қобалжуға қарамастан ата-аналар, түлектердің достары қызығушылық танытып, колледж туралы, мамандықтар жайында, оқу үрдісі мен жұмысқа орналасу туралы сұрақтарын қойды.
ҰБТ тапсырған екі күнде барлығы 140 дана буклет-визитка таратылды.