"Тіл-достық көпірі" ақпараттық шолу



"Тіл-достық көпірі" ақпараттық шолу

2019 жылдың 5 қыркүйегінде колледждің кітапханасында ҚР-ның тілдер күніне арналған «Тіл-достық көпірі» ақпараттық шолу өтті. Іс-шара барысында кітапханашылар 1 курс студенттеріне қостілді білімнің рөлі, тілдерді үйренудің маңыздылығы туралы айтып кетті. Сонымен қатар жас ұрпақтың қазақ тілі-мемлекеттік тілді, орыс тілі-ұлтаралық тілді, ағылшын тілі-халықаралық тілді үйрену керектігі жайында әңгімеледі. Іс-шара барысында "Трехъязычие - требование времени", " О знании государственного языка", "О полиязычии" видеороликтері көрсетілді. «Сұрақ-жауап» формасында конкурс пен «Өз есіміңді білесің бе?» викторинасы өткізіліп, 102 «Емдеу ісі» тобының студенттері сұрақтарға белсенді жауап берді. "Тіл келісім мен достықтың негізі. Язык - основа дружбы и согласия" тақырыбындағы кітап көрмесімен қызығушылықпен танысты. Іс-шараның соңында "Язык - кладезь народного благополучия" және "Полиязычие - гарант успешного будущего" тақырыбында ақпараттық-буклеттер үлестірілді.

<








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ