Ашық сабақ



Ашық сабақ

Осы жылы Тілдер күні дәстүрлі 22 қыркүйекте емес, ұлы ағартушы, жерлесіміз Ахмет Байтұрсыновтың туған күнінде 5 қыркүйекте аталып өтті.

Қостанай жоғары медициналық колледжінде «Мейіргер ісі» тобының бірінші курсында мемлекеттік тілде ашық сабақ өткізілді. «Қазақстан тарихы» сабағында студенттер «Андронов мәдениеті» тақырыбындағы жобаларын ұсынды. Жұмыстар келесі бағыттарға бөлінді: «Андронов мәдениетінің ерекшеліктері», «Шаруашылық қызметтері» және т.б. Жобалардың арасында «Андроновтардың рухани мәдениеті» тақырыбындағы жұмыс қызықты болды, студенттер андроновтардың діні мен салт дәстүрлері жайында айтып, Олжас Сүлейменовтың «АЗ и Я» кітабынан «Ристалище» өлеңін оқыды.

Оқу материал мен танымал әдеби және тарихи әдебиеттерден үзінділердің мәнерлеп оқылуы «Қазақстан тарихы» пәнінің оқытушысы Азтаева Алма Турегалиевнаның басшылығымен өткен сабақ мазмұнды болды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ