Қостанай облыстық балалар ауруханасының реанимация мейірбикесі жол бойында ер кісіні өлімнен құтқарып қалды



Қостанай облыстық балалар ауруханасының реанимация мейірбикесі жол бойында ер кісіні өлімнен құтқарып қалды

Оқиға 22 қыркүйек күні жексенбіде, Қостанай-Рудный жол бағытында болған.

24 жастағы Айя Доненбаева ол күнді есіне алғанда, еріксіз қобалжи бастайды. Ол облыстық балалар ауруханасының реанимация бөлімінің мейірбикесі болып жұмыс істейді, қазіргі уақытта демалыста. Айя өзінің құрбыларымен Лисаков қаласына қонаққа барып, жексенбі күні үйіне қайтуға жиналған. «Құрбым Индрайвер таксиіне тапсырыс берді, бірақ мен бас тарттым. Автовокзалға бардық. Сол жерде құрбым автобуспен баруды ұсынды, бірақ мен тағы да бас тарттым. Соңында 40 минут күткен жеке таксимен кеттім. Қазір ғана тылсым күштің арқасында дер кезінде керекті жерде болғанымды түсінемін», - деп Айя есіне алады.

Қалаға жақындай бергенде жүргізуші кенеттен тоқтап, далаға шығады. Салонның ішінде отырған жолаушылар жолда келеңсіз оқиға болғанын түсінді. Алдыда тұрған көлік көмек керек екендігін білдіру үшін жолды жауып тастаған.

- Мен таксиден жүгіріп шыққанда көлік салонының ішіндегі жас жігіт жолаушының қасында сасқалақтап жатқанын көрдім. Кейін ол кісі әкесі екенін білдім. Біз ер кісіні далаға алып шығып, жолға жатқыздық, мен реанимациялық шараларды жасай бастадым. Бұл менің күнделікті істейтін жұмысым. Бір уақытта ол көгеріп, сіңірлері тартыла бастады. Оның үстіне ол кісі жолда тілін тістеп алғандықтан, аузынан қан кетіп жатты.

Мейірбике құтқаруды жалғастыра берген. Біраз уақыттан кейін жедел жәрдем келіп, науқасты облыстық ауруханаға алып кеткен. Науқастың туыстары Айяны бірге баруды сұраған.

Өзінің қызметкері жайында реанимация бөлімінің меңгерушісі Рустем Шаманов мақтанышпен әңгімелеп берді: «Айя өте жауапты қыз, өте мейірімді, сауатты және ибалы. Бізде жұмыс істегеніне көп уақыт болған жоқ. Адамдардың оны мақтағаны біз үшін мәртебе. Біздің мамандығымыз- адамдарды тек қана ауруханада ғана емес, сонымен қатар кез-келген жерде ажалдан аман алып қалу. Ондай жерде қорқыныш пен сенімсіздікке жол жоқ».

Айя болса бірнеше күннен соң, ауыр және маңызды жұмысына кіріседі. «Реанимацияда жұмыс істеу әрине оңай емес. Әсіресе балалар бөлімінде. Бірақ менің қолымнан келуде. Ал кімнің қолынан келсе,оларға жұмыстан шығуға болмайды».

Толығырақ:  https://kstnews.kz/news/incidents/item-53866

Инна ПЕДАН








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ