Қостанай облысы колледждерінің VIII Спартакиадасында қатысу нәтижелері



Қостанай облысы колледждерінің VIII Спартакиадасында қатысу нәтижелері

Қостанай жоғары медициналық колледжі студенттерінің құрама командасының Қостанай облысы колледждерінің VIII Спартакиадасына қатысу нәтижелері жөнінде.

Бағдарлама:
1. Жеңіл атлетика (қыздар, ұлдар), 17.09.2019 ж.
2. Үстел теннисі (қыздар, ұлдар), 23-25.09.2019 ж.
3. Волейбол (қыздар), 23.09.2019 ж. және 25.09.2019 ж.
4. Тоғызқұмалақ (қыздар, ұлдар), 01.10.2019 ж. және 03.10.2019 ж.
5. Гір спорты (қыздар, ұлдар), 01.10.2019 ж. және 03.10.2019 ж.
6. Мини-футбол (ұлдар), 8-11.10.2019 ж.
7. Шашка (қыздар, ұлдар), 8-11.10.2019 ж.

Қостанай облысы колледждерінің VIII Спартакиадасының нәтижесі бойынша Қостанай жоғары медициналық колледжінің құрама командасының 3 курс студенттері тоғызқұмалақ ұлттық ойынында үздік нәтиже көрсетті, олар Мурзагалиева Айша 304 МІ және Бектасова Айнур (303 МІ) 3 жыл қатарынан Қостанай облысы колледждерінің қыздары арасында жалпы командалық І орынға ие болды, тоғызқұмалақ бойынша жеке біріншілікте I тақта - Мурзагалиева Айша заняла 1 орын. II тақта – Бектасова Айнур 1 орын. Олар командалық және жеке біріншілікте құрмет грамоталарымен және медальдармен марапатталды. Команданы үздік дайындағаны үшін А.С.Журперов Қостанай облысының білім бөлімінің (Аймақтық орталық) грамотасымен марапатталды.

Қостанай облысы колледждерінің VIII Спартакиадасында медколледждің волейболдан қыздар комадасы V (5) орынға ие болды. Команда құрамында Кожахмет Айым (301 МІ), Сәкен Бекзада (201 МІ), Шулека Анжелика (202 Ем), Боронина Анастасия (202 Ем), Краморова Анастасия (102 Фарм), Вальтер Анна (102 Фарм), Железина Карина (101 Лаб), Алдыбаева Екатерина (103 Ем) болды.

ТСонымен қатар медколледждің гір спортынан қыздар командасы IV (4) орынға ие болды: Мусабекова Жанна (201 Ем), Сәкен Бекзада (201 МІ).

Ал ұлдар гір спортынан тартысты жарыстың нәтижесінде VI (6) орынға ие болды: Фадеев Михаил (204 МІ), Бренчуков Руслан (201 Стом), Гейко Артем (301 Стом), Рахимжанов Нуртай (201 Стом), Ястребов Петр (201 Стом).

Ал спорттың басқа түрлері бойынша Қостанай жоғары медициналық колледжінің құрама командасы жақсы нәтиже көрсете алмады.

Жарысқа белсенді қатысып, колледждің намысын қорғаған барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ