Психикалық денсаулық күні


Психикалық денсаулық күні

 
«Біз қауіпсіз өмір үшін! Дөңгелек үстелі»

10.10.2019 жылы Дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған «Дені саудың жаны сау» бағдарламасының аясында «Психология және коммуникативтік дағдылар» оқытушысы Т.В.Ащеулова және педагог-психолог А.В.Федюк бірлесіп 101 «Емдеу ісі» тобында «Біз қауіпсіз өмір үшін!» дөңгелек үстелін өткізді. Студенттердің назарларына ішімдік пен құрамында никтоин бар заттарды пайдаланудың нәтижесінде барлық ағзаның қызметіне тигізетін зиянды салдары мен созылмалы аурулар жөнінде ақпарат ұсынылды. Салауатты өмір салтын ұстану (дене шынықтыру және дұрыс тамақтану), зиянды әрекеттерден бас тарту (ішімдік, темекі, есірткі) адамның табысты білім алуына және жұмыс істеуіне кепіл бола алады.



«Күйзелістің алдын алу» арт-терапиясы

2 курс студенттерінің арасында психоэмоционалдық күйзелісті болдырмау үшін 15 минуттық «Күйзелістің алдын алу» арт-терапиясы өткізілді. Студенттердің күйзелістік жағдайлардан шығу үшін коллажды бояуға белсенді қатысты. Аталған акция студенттерге жақсы көңіл-күй сыйлап, күйзелістен арылуға көмегін тигізді.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ