«Стенокардия мен миокард инфарктісі кезіндегі емдеудің және мейіргерлік күтім көрсетудің заманауи принциптері» тақырыбындағы ашық практикалық сабақ


«Стенокардия мен миокард инфарктісі кезіндегі емдеудің және
мейіргерлік күтім көрсетудің заманауи принциптері»
тақырыбындағы ашық практикалық сабақ

4 қазанда колледжде арнайы пәндердің №1 циклдік әдістемелік комиссиясының онкүндігі басталды. Онкүндік аясында арнайы пәндердің оқытушысы Бозян Наталья Васильевна «Мейіргер ісі» мамандығының 302 тобында «Стенокардия мен миокард инфарктісі кезіндегі емдеудің және мейіргерлік күтім көрсетудің заманауи принциптері» тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізді. Сабақ барысында Наталья Васильевна кәсіби қызметті үлгілеу және болашақ медициналық қызметкерлердің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру рөлін жоғары деңгейде көрсете білді.

Үшінші курс студенттері жағдаяттық тапсырмаларды шешуді, шұғыл жағдайларда практикалық көмек көрсету кезінде манипуляцияларды нақты және дұрыс орындауды көрсете білді. Сабақта студенттер топпен және жеке жұмыс жасады, соның нәтижесінде алған білімдерін бекітті. Педагогикалық технологиялардың жаңа әдістерін қолданудың нәтижесінде сабақ қызықты өтіп, оқытушы мен студенттер арасында өзара қызметтестік болды.  

Сабақтың соңында «Жетістік баспалдағы» рефлексиясы өткізілді, сабақтың нәтижесі бойынша студенттер баспалдақта өздерінің орындарын анықтады. Ең жоғарғы баспалдақ «Өз біліміме сенімдімін!». Барлық студенттер осы баспалдақтан көрінді.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ