2019 ж. 11 қазанында студенттер мен оқытушылар Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігерімен кездесті



2019 ж. 11 қазанында студенттер мен оқытушылар Қостанай
облыстық ауруханасының бас дәрігерімен кездесті

«Мейіргер ісі» және «Емдеу ісі» («Акушер» біліктілігі) мамандығының түлектерін жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында және Қостанай жоғары медициналық колледжінің 90 жылдық мерейтойының қарсаңында Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық ауруханасы» КМК-нің әкімшілігімен бірлесіп Қостанай жоғары медициналық колледжінің студенттері мен оқытушылары үшін бас дәрігер Моисеев Юрий Сергеевичпен кездесу ұйымдастырылды. 

Кездесуге үшінші курс студенттері, бөлім меңгерушілері және топ кураторлары шақырылды.  

Бас дәрігер дәрігер-интерннан бастап жетекшіге дейін жеткен еңбек жолы жайында баяндап, аурухананың жұмысын ұйымдастырумен, кадрлық саясатпен, медициналық қызметкерлердің перспективалары мен кәсіби мүмкіндіктерімен таныстырды. Юрий Сергеевич студенттерге маңызды және жауапты мамандықты таңдағандары үшін алғыс білдіріп, оларды жұмысқа шақырды.  

Қостанай облыстық аурухананың қызметкерлері бөлімшелер туралы және қызметкерлердің бос уақытын ұйымдастыру жайында презентация әзірлеген.  

Бас мейірбике Говорушкина Е.В. студенттермен амандасып, аурухананың кез-келген бөлімшесіне жұмысқа тұру мүмкіндіктері жайында айтып кетті.  

Іс-шараға облыстық ауруханада жұмыс істейтін өткен жылдардың түлектері де қатысты. 2019 ж. «Емдеу ісі» (біліктілігі «Акушер») мамандығының түлегі Ахметова Салтанат және 2017 ж. «Мейіргер ісі» мамандығының түлегі Кенжебаев Кайыр сөз сөйледі. Жас мамандар өздерінің жұмыстары, еңбек шарттары мен еңбекақылары туралы айтып берді. Тәлімгерлеріне алғыс білдіріп, болашақ әріптестеріне сәттілік тіледі.  

Практикалық оқыту меңгерушісі Романюк И.Е. практикаға арналған ең үлкен базалалардың бірін ұсынғандары үшін және өндірістік және кәсіби оқытудың жетекшілері ретіндегі мейірбикелер мен акушерлердің сапалы жұмыстары үшін алғыс білдірді.  

Кездесудің соңында барлық студенттер «Қостанай облыстық ауруханасы» КМК-нің бөлімшелеріне экскурсияға шақырылды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ