«Мамина школа»



«Мамина школа»

2019 жылдың 15 қазанында №1 ЦӘК онкүндігінің аясында «Балалар аурулары» пәнінің оқытушысы Заболотникова Надежда Семеновна «Фармация» мамандығының 301 тобында «Мамина школа» тренингін өткізді.

Тренингтің басты мақсаты – студенттерде бір жасқа дейінгі нәрестелерді тамақтандыру сұрақтары бойынша және жаңа туған нәрестелерге күтім көрсету жөнінде іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру, сонымен қатар алған білімдерін күнделікті өмірде қолдану.  

Студенттерге нәрестеге күнделікті күтім көрсету, құндақтау, гигиеналық ванна көрсетіліп, «Вскармливание детей 1 года жизни» фильмі көрсетілді.

Тренинг барысында студенттер өзбеттерінше көздерді, мұрынды, құлақтарды, терінің қабаттарын тазартып, баланы жуындырып, құндақтады. Оқытушы студенттердің көптеген сұрақтарына жауап берді. Тренинг қызықты және жұмыс атмосферасында өтті.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ