«Денсаулығымыз өз қолымызда» мастер-класс
Басты -> Жаңалықтар -> «Денсаулығымыз өз қолымызда» мастер-класс
2019 жылдың 18 қазанында №1 ЦӘК онкүндігінің аясында арнайы пәндердің оқытушылары Бозян Н.В. және Ларькова А.О. «Денсаулығымыз өз қолымызда» мастер-классын өткізді.
Мастер-классқа артериалды қысымды өлшеу мен қандағы глюкоза деңгейін анықтау саласындағы теориялық және практикалық білімдері жоқ оқытушылар мен қызметкерлер қатысты.
Мастер-класс барысында келесі сұрақтар қарастырылды: тонометрия тарихы, «Артериалды қысым», «Глюкометрия» түсініктері; тонометрлер түсінігі.
Мастер-класстың практикалық бөлімінде тонометрлердің әртүрлі түрлерінің көмегімен артериалды қысымды өлшеу техникасы мен қандағы глюкозаның деңгейін анықтау техникасы көрсетілді.
Осыдан кейін мастер-класстың барлық қатысушылары алған білімдерін практикада көрсете білді, бір-бірінің қан қысымын өлшеп, қандағы глюкоза деңгейін анықтауға белсенді қатысты.
Мастер-класстың соңында барлық қатысушыларға сертификаттар, күнделікті қан қысымын өлшеу күнделігі мен АҚ өлшеу ережелері көрсетілген буклеттер ұсынылды.
Колледж оқытушылары мен қызметкерлері мастер-класстың ұйымдастырушыларына алған білімдері үшін алғыс білдірді.