"Теңге - прошлое, настоящее, будущее"



"Теңге - прошлое, настоящее, будущее"

2019 жылдың 13 қарашасында 102 м/і және 102 фрам топтары ұлттық валютаның 26 жылдығына арналған Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында өткен "Тенге - прошлое, настоящее, будущее" іс-шарасына қатысты. Мұражай қызметкерлері презентацияның көмегімен қазақстандық валютаның қалыптасуы, оның артықшылықтары, қорғаныс дәрежелері туралы әңгімелеп, Өскемен қаласындағы ақша сарайының жұмысы жөнінде ақпаратпен бөлісіп видеоролик көрсетті. Студенттер теңгені қалыптастыруға үлесін қосқан тұлғалармен танысты, себебі ұлттық валюта - бздің Тәуелсіздігіміздің басты белгілерінің бірі. Іс-шараның соңында мұражайдың қорында сақталған тиындар мен қағаз ақшалардың көрмесі өтті. Іс-шара танымды және қызықты болды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ