«Емдеу ісі» бөлімінің презентациясы



«Емдеу ісі» бөлімінің презентациясы

25 қазанда Қостанай жоғары медициналық колледжінде «Емдеу ісі» бөлімінің презентациясы өткен болатын.

Бірінші курс студенттеріне арналған сәлемдесу сөзімен ҚЖМК директоры Катпенова Сауле Атантаевна сөз сөйледі. 

Шақырылған қонақтардың арасында колледждің әлеуметтік серіктестері - Қостанай облыстық жедел шұғыл медициналық көмек станциясының бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары– Саркисян Давид Саркисович, бас фельдшер - Стасин Сергей Владимирович және бригада фельдшері, 2019 жылғы түлек – Тристан Роман болды. Өздерінің сөздерінде серіктестер колледжде өтетін бөлім Презентациясы мен Ашық есіктер күні сияқты іс-шараларды өткізуде өзара қызығушылықтарын айтып кетті. Нәтижесінде біздің студенттер жұмыс берушілер жағынан үлкен қолдау мен сыйластықты сезінеді. Бұндай қолдау болашақ қызметтеріне мотивация болады.

Бірінші курс студенттері алғаш рет әзіл, би, өлең және ән арқылы өздерінің таланттарын көрсетті.

Кештің соңында бөлім меңгерушісі Бузина Светлана Петровна іс-шараға жоғары баға беріп, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді және бірінші курс студенттеріне сәттілік тіледі.

Бірінші курс студенттеріне ҚЖМК 90 жылдық эмблемасы бейнеленген сыйлықтар ұсынылды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ