Веселые старты 2019



Веселые старты 2019

2019 жылдың 29 қарашасында Қостанай жоғары медициналық колледжінің спорт залында ҚР-ның Тұңғыш Президенті күніне арналған І және ІІ курс арасындағы дәстүрлі спорттық жарыс өтті.

Жарыс сапқа тұрудан басталды (15:00-де), кейін құттықтау сөзімен педагог-пихолог Федюк Анастасия Валерьевна сөз сөйлеп, барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.

Жарыс эстафета түрінде «Весёлые старты» формасында өтті.

 Барлығы 10 кезең болды:
1. Доппен кедергіге дейін және кейін жүгіру
2. Баскетбол добын алып жүру
3. Бірінің артына бірі тұрып допты жоғарыдан және төменнен беру
4. Отырған қалыпта баскетбол добын жоғарыдан беру
5. Секіртпемен кедергіге дейін және кейін секіру
6. Теннис ракеткасы және шарикпен кедергіге дейін және кейін жүгіру
7. Шеңбермен кедергіге дейін және кейін жүгіру
8. Допты аяқпен кедергіге дейін және кейін алып жүру
9. Баскетбол добын кедергіге дейін және кейін алып жүгіру
10. Дартс.

Тартысты, қызықты ойынның нәтижесінде І курстың құрама командасы 14:13 есебімен жеңіске жетті, барлығы соңғы кезеңде анықталды, дартс ойынында І курс студенттері күштірек болды.

Жарыс жоғары деңгейде өтіп, барлық қатысушылар ҚЖМК-нің дене шынықтыру оқытушылары А.С.Журперов және А.В.Шелегтің арқасында жақсы көңіл-күй мен қуатқа ие болды.

Жүлделі орындарға ие болған командалар ҚЖМК студенттерінің алғашқы кәсіподақ ұйымының атынан жемістер түріндегі сыйлықтарға ие болды.

Так держать!!!!!!
Медколледж ЧЕМПИОН!!!!! И мы – лучшие!!!!!








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ