3 курс студенттері отбасылық «Жанұя» балалар үйіне барып қайтты.
Басты -> Жаңалықтар -> 3 курс студенттері отбасылық «Жанұя» балалар үйіне барып қайтты.
7.12.2019 ж. Қостанай жоғары медициналық колледжінің 303 «Мейіргер ісі» тобының студенттері және оқытушылар Надворная Ю.Ю., Ларькова А.О., Сабирова Г.У. «Чужих детей не бывает» акциясының аясында отбасылық «Жанұя» балалар үйіне барып қайтты.
Студенттер балалар үйіне «Тұмауды қалай жеңуге болады» ойын-сауық бағдарламасымен келді. Біздің белсенді студенттер көңілді кейіпкерлерге айналып, әртүрлі ойындар өткізіп, би биледі.
Балалар үйінің бүлдіршіндері ойындарға белсенді қатысып, студенттермен бірге би биледі. Балалар студенттермен белсенді әңгімелесіп, көңіл-күйлерін көтерді.
Іс-шараның соңында студенттер балаларға ауырмау үшін сыйлық ретінде дәрумендер сыйлады.
Біз балаларға және педагогтарға жаңа ойындармен және бағдарламамен келуге сөз бердік.