Балалар облыстық ауруханасының бас дәрігерімен және мейіргерлік қызметтің басшысымен кездесу
Басты -> Жаңалықтар -> Балалар облыстық ауруханасының бас дәрігерімен және мейіргерлік қызметтің басшысымен кездесу
6 желтоқсанда «Мейіргер ісі» мамандығының соңғы курстағы студенттермен кездесуге Облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Асилбеков Улыкбек Егенович және мейіргерлік қызметтің басшысы Мукужанова Мадина Сериковна шақырылды.
Бөлім меңгерушісі Исмаилова Ляззат Ельжановна 2020 жылға арналған білім алушылардың контингенті туралы ақпаратты ұсынды.
Улыкбек Егенович балалар медициналық мекемесіндегі жұмыс ерекшелігі жайында әңгімелеп, өзінің жұмыс тәжірибесінен мысалдар келтірді. Облыстық балалар ауруханасының құрылымы мен бөлімшелерін, кадрлық құрамын сипаттап, балалармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істеудегі басымдылық пен артықшылықтары туралы айтып берді.
Мадина Сериковна аурухананың орта медициналық қызметкерлердің саны мен олардың біліктіліктеріне тоқталып кетті.
Облыстық балалар ауруханасының әкімшілігі болашақ мейірбикелерді диплом алдындағы практикадан өтіп, кейін жұмысқа орналасуға шақырды.
ҚЖМК-нің директоры Катпенова С.А. серіктестік үшін қонақтарға алғыс білдірді.