БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ VII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЛЕСТНИЦА НАУК» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ



БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ VII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЛЕСТНИЦА НАУК» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2019 жылдың 10 желтоқсанынан 12 желтоқсанына дейін Мәскеу қаласында БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ VII ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЛЕСТНИЦА НАУК» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ. 

Аталған конференция білім алушыларда ғылыми-зерттеу және ғылыми-практикалық қызметке қызығушылықтарын қалыптастыру, өздерінің және көршілес елдердегі балалар мен жастардың интеллектуалдық-шығармашылық потенциалын дамыту мақсатында өткізілген болатын. 

Конференция жұмысына Ресей Федерациясының 17 аймағынан, сонымен қатар Қазақстан Республикасының екі өңірінен - Қостанай облысы мен Шығыс Қазақстан өңірінен қатысушылар қатысты. Біздің облысымыздың атынан Синягаев Евгений «Антропологический тип костанайца» жобасымен қатысты, ғылыми жетекшісі – Азтаева Алма Турегалиевна, «Қазақстан тарихы» пәнінің оқытушысы. 

Конференцияның конкурстық бағдарламасында пәндік секциялар бойынша 12 жеңімпаз анықталып, алтын үздік белгілерімен марапатталды. Соның бірі біздің колледждің 101 «Емдеу ісі» тобының студенті Синягаев Евгений болды. Ғылыми жетекшісі де студентті жақсы дайындағаны үшін дипломмен және «Үздік тәлімгер» белгісімен марапатталды. 

Сарапшылар конференция барасында қатысушылардың жұмыстарының деңгейі айтарлықтай жоғарлағанын атап кетті. «Антропологический тип костанайца» жұмысы университеттік деңгейге тең деп тарих ғылымдарының кандидаты Блонский Леонид Владимирович айтып кетті. 

 жеңімпаздарды құттықтаймыз! Жаңа бастамаларда табыс тілейміз!








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ