«Мы одно целое» жобасы



«Мы одно целое» жобасы

Жаңа жыл қарсаңында 104 «Емдеу ісі» тобының студенттері «Умит – Надежда» Қостанай қалалық еріктілер қоғамына қонаққа келді. 

Студенттердің бастамасы бойынша колледже «Мы одно целое» жобасы басталған болатын, ол жобаның мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету болды.  

Студенттер өзбеттерінше орталықтың байланыс телефонын тауып, «Умит – Надежда» қоғамының мүшелерімен алғашқы таныстық кездесуді мереке ретінде өткізіп, тәтті сыйлықтар сыйлауға шешім қабылдаған болатын, сонымен қатар мұқтаж жандар үшін қан тапсырып, тағы да бір жақсы іс жасады. 

26 қарашада Аяз Ата мен Ақша қар бастаған ертегі бригадасы көңілді мереке ұйымдастырды: ән салып, жұмбақтар жасырып, хормен шыршаның шамдарын жақты және Жаңа жылда бір-біріне бақыт тіледі!!! 

Ал 27 қарашада студенттер колледж қызметкерлеріне жаңа жылдық көңіл күйді сыйлауды жалғастырды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ