Үздік электрондық портфолио
Басты -> Жаңалықтар -> Үздік электрондық портфолио
21 қаңтарда колледжде аттестатталатын оқытушылардың арасында «Үздік электрондық портфолио» конкурсының екінші шешуші кезеңі өтті.
Конкурстың мақсаттары мен міндеттері
Портфолионы бағалау критерийлері
Конкурсқа 11 оқытушы қатысты, соның ішінде арнайы пәндердің, гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндердің оқытушылары болды.
Конкурстық комиссияның құрамында болды:
Шаповалова И.В. – аттестаттау комиссиясы төрайымының орынбасары, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай қалалық ауруханасы» КМК бас мейірбикесі
Гаджиева К.С. – әдістемелік бөлімнің меңгерушісі
Шестакова Е.Ю. – №3 бөлім меңгерушісі
Лапатиева К.Ю. – арнайы пәндердің №1 ЦӘК төрайымы
Жумабаева К.Е. – ҚЖМК кәсіподағының төрайымы
Оқытушылар кәсіби шеберліктің, білімділіктің, құзыреттіліктің, жұмысында тек үздік өнімдерді қолданудың жоғары дәрежесін көрсетті, бұл студенттерді оқыту мен тәрбиелеуде жоғары табысқа жетуге мүмкіндік береді. Оқытушылар оқытудың заманауи әдістері мен формаларын іріктеу арқылы, соның ішінде ИКТ заманауи технологияларын қолдану арқылы сабақтың жоғары сапасына қол жеткізуде.
Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталатын болады.