"Жұлдыз" домбыра студиясының бенефисі



"Жұлдыз" домбыра студиясының бенефисі

2020 жылдың 31 қаңтарында Н.Островский атын. қалалық кітапхана 204 м/і студенттерін құрылғанына 5 жыл толған «Жұлдыз» домбыра студиясының бенефисіне шақырды. Құрылғанына аз жылға қарамастан домбырашылар қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық конкурстардың, Гран-При жеңімпаздары. ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен Санкт - Петербургте өткен домбырашылар конкурсында Гран - При жеңіп алып, Парижге шақырту алған. Қазір олар Италиядағы конкурсқа дайындалуда. Жүргізушілер домбыраның пайда болу тарихына тоқталып кетті. Домбыра қазақ халқының ұлттық аспабы болып есептеледі. Домбыраның пайда болуы туралы көптеген аңыздар бар. Соның біреуімен студенттерді таныстырып кетті. Студия жетекшісі Темирбекова Айгуль Абаевна өзінің студиясын құру тарихын әңгімелеп, жыл сайын кеңейіп жатқанын жеткізді. Студенттер қызығушылық танытып, студия туралы видеоролик қарады. Оларға домбыра туралы презентация ұсынылды.








«Қостанай жоғары медициналық
колледжі»КМК-ның
миссиясы

►Медициналық дәстүрлерді сақтау және инновациялық технологияларды енгізу арқылы студенттер мен тыңдаушылардың жоғары білім деңгейін және кәсіпқойлығын қамтамасыз ету.


«Қостанай жоғары медициналық
колледжі» КМК-ның
болашақ көрінісі

►Біз практикалық денсаулық сақтаудың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, білім беру қызметтерін ұсыну нарығында көшбасшылық позицияны қалыптастыруға және сақтап қалуға тырысамыз.



МЕМЛЕКЕТТІК ЛИЦЕНЗИЯ